БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ, ЖАҢАША ТАЛАПТЫҒА БІЛІМ БЕРУ ОРДАСЫ

0

2008 жылдың 12 маусымынан бастап жұмысын бастаған – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 10485-1919-У-Е номерімен тіркелген болатын.

Содан бергі уақытта бәсекеге қабілетті білім беру саласына қажетінше ерекше көзқараспен, жаңаша талаптармен қарап, өз қызметін мінсіз атқарып отырған жоғары оқу орнының бірі. Оқу орнымыз оқытудың кредиттік жүйесі мен академиялық ұтқырлық бойынша Болон декларациясына қатысушы болып табылады. Қазіргі жағдайда гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану, экономикалық бағыттарда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білікті мамандар даярлайтын білім ордасында 6 мыңнан астам студент пен магистранттар білім алуда.

2021 жылдың 01 ақпанынан оқу орны Құрылтайшыларының шешіміне сәйкес Халықаралық Тараз инновациялық институты болып өзгертілді.

Институтымызда бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша білім беру реформаларына сәйкес әлемдік стандарттар негізінде білікті мамандар даярлау қызметі жүзеге асырылады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылығы ғылымдары, яғни ветеринария бағыттары үлкен сұраныста екендігін білеміз. Әрбір мамандықтың оқу жоспарына жұмыс берушілердің талабына сәйкес қажетті жаңа пәндер енгізіп, тәжірибеден өту базаларымен екіжақты келісімшарттарға отырған, жұмыстар толығымен атқарылуда.

Институтымыздың «Шығармашылық мамандықтар» факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы мен «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» («Бастапқы әскери дайындық», «Көркем еңбек және сызу», «Кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша) кафедрасы жұмыс атқаруда.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Әлемдік және республикалық спорт біріншіліктерінде чемпион атанып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр.

«Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» мамандығының студенттері облыстық, қалалық және ҚРҚМ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастыратын әскери- спорттық және патриоттық жиындарға белсенді қатысады.

Білімін жоғарылатамын деген жас жеткіншектерге институтымызда барлық жағдай жасалған. Бәсекеге қабілетті, жаңаша талаптағы білім беру ордасы – заманауи жарақтандырылған жаңа оқу ғимараттары, жаңа студенттер үйі, жаңа спорт кешені және залдар, кітапхана және т.б. жаңа оқу жылында сіздерді асыға күтеді.

ХТИИ. «Шығармашылық

мамандықтар» факультеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.