Өмірі өнеге болған Төкен МАҚАШЕВ
Биыл аудандық «Сарысу» газетіне 85 жыл.
«Газет жанашыры-қоғам жанашыры». Нақ осы бір теңеуді қалам ұстаған ағайынның бәріне бірдей таңа беруге болмас. Расында қоғамда өзіндік орны бар болған, аудандық газеттің шарықтауына үлес қосқан, өз заманында газетке халықты бет бұрғыза білген Төкен Мақашев атамызды мереке қар- саңында газетіміздің бе- тіне неге шығармасқа.
Төкен Мақашев 1923 жылы Ақмола уезінің Жаңаарқа ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім өсіп, Жамбыл қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Ол еңбек жолын 1941 жылы Сарысу ауданының В.И.Ленин атындағы орта мектебінде мұғалім болудан бастайды. 1945 жылдан 1948 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Сарысу аудандық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасайды.
Т.Мақашев 1948 жылы Алматы жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберіледі. Ол осы мектепті 1950 жылы бітіріп, сол жылдан бастап 1952 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Жамбыл аудандық комитетінде насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісінің қызметін атқарады. 1952-1959 жылдары Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің партия тұрмыс бөлімінің меңгерушісі болады. Қырық жыл баспасөз саласында газеттің редакторы болды. Т.Мақашев журналист ретінде ауданның кеңес дәуіріндегі тарихын терең зерттеп, жаза білді. Баспасөзде өзіндік орны бар білікті басшы бола білді.
Т.Мақашев 1959 -1964 жылдарда Жамбыл ауданының «Билікөл», Сарысу ауданының «Байқадам» совхоздарына партия комитетінің хатшысы болады.
1964-1983 жылдары Талас аудандық «Ленин жолы» Сарысу аудандық «Октябрь таңы» газеттерінің редакторы болып қызмет атқарады. Қаламы төселген журналист ретінде танылады. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры қызметінде болады.
Т.Мақашев бірнеше рет Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің мүшесі және аудандық Советтің депутаты болып сайланады. Ол КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамотасымен наградталды. КСРО журналистер одағының мүшесі.
Барлық қызметтерде өзіне жүктелген міндеттерді адал, жауапкершілікпен атқарған. Ұйымдастырушылық қабілеті мол, талапшыл, принципті коммунист бола білді. Ұжымдастары арасында беделді болды. Ауданның саяси-қоғамдық өміріне белсене қатысты.
Аудандық мұражай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы- ның Байқадам бөлім- шесі ретінде 1989 жылдың қазан айынан бері жұмыс істеп келді. Оған дейін қоғамдық негізде болған. Аудандық мұражайды өз алдына мәдени орталыққа айналдыру жолында Т.Мақашев аз тер төккен жоқ. Оны аудан халқының, аудан тарихының шежіресіне айналдыруға барынша күш салды. Сол кездегі аудан әкімі болған Ә.Көпбергенов: «Төкеңнің тіршіліктегі ғұмыры таусылғанымен, өзі атқарып кеткен істері арқылы үлгі-өнеге боларлық мәңгілік ғұмыры басталып отыр» деген еді.
Т.Мақашевтың еңбегіне қарай құрмет көрсету, есте қалдыру мақсатында ауданның бірнеше ардагерлері газетке мақала жариялап, аудандық мұражайға Т.Мақашевтың есімін беру туралы мәселе көтерген еді. Осы бір игілікті істі аудандық кеңестің мәжілісінде қарап, бірауыздан мақұлдап, 1992 жылы 20-шы қыркүйекте аудан әкімі Ә.Көпбергеновтың шешімімен ауданның тарихи-өлкетану музейіне Төкен Мақашевтің есімі берілді.
1991 жылы шілденің 17 жұлдызында 68 жасында өмірден өтті. Партия және еңбек ардагері, облыстық дәрежедегі зейнеткер болған Төкен Мақашевтың аудан тұрғындары үшін орны бөлек.
Міне, осындай қарымды қаламгер, абзал адам, аяулы азамат, жан жарының жанашыры, достарының қамқоршысы, балаларының сүйікті әкесі, немерелерінің пір тұтар тұлғасы болған Төкен Мақашев туралы қанша жазсақ та аздық етпес.
Естеліктер сыр шертеді
Біздің Төкең…
…КӨЗІ КӨРГІШ, ҚҰЛАҒЫ ЕСТІГІШ, ЖАҢАЛЫҚТЫ СЕЗГІШ ЖУРНАЛИСТ БОЛДЫ. ӘРБІР ЖАЗҒАН МАҚАЛАСЫнДА ТІЛДІҢ МАЙЫН, СӨЗДІҢ БАЛЫН ТАМЫЗДЫ.
С.Шөжеев, журналист
…БҰДАН ОН ЖЫЛ БҰРЫН ТӨКЕҢ ЕКЕУМІЗ ҚАЗІРГІ «АҚ ЖОЛ» ЖӘНЕ «ЗНАМЯ ТРУДА» БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫҚ. МАҒАН СӨЗ СӨЙЛЕУ ҚҰРМЕТІ ТИДІ. ТӨКЕҢНЕН «ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙІН» ДЕП СҰРАДЫМ. СОНДА ТӨКЕҢ: «СЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ШЫҒАТЫН БАСЫЛЫМНЫҢ ТІЛШІСІСІҢ, СОНДЫҚТАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕ» ДЕДІ. СӨЙТІП МЕН КӨПШІЛІКТЕН КЕШІРІМ СҰРАП, ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІМ. КӨПШІЛІК МЕНІ МІНБЕДЕН ҚОЛ СОҒЫП ТҮСІРДІ. МЕН БҰЛ ҚОШЕМЕТ МАҒАН ЕМЕС, ТӨКЕҢЕ АРНАЛҒАНДАЙ СЕЗІНДІМ.
ҚАЗІР ОЙЛАП ОТЫРСАМ, ТӨКЕҢ СОЛ КЕЗДЕ-АҚ ТІЛІМІЗ БЕН ДІЛІМІЗДІ, ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ ҰМЫТТЫРА БАСТАҒАН ҚОҒАМҒА ДЕГЕН ҚАРСЫЛЫҒЫН МЕНІҢ ЖАЗҒАН СӨЗІМ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗГЕНДІГІ ЖӘНЕ БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕМІЗГЕ ҚАЙТА ОРАЛАТЫНДЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРГЕН КӨРЕГЕНДІГІ ҒОЙ ДЕЙМІН…
Ә.Көпбергенов
ТӨКЕҢ ТАРИХШЫ ҒАНА ЕМЕС, АРХИТЕКТУРАДАН ДА ХАБАРДАР ЕДІ.
К.Сердалиева, архитектор
ӘКЕМ ШЫНШЫЛ ДА ӘДІЛ БОЛУШЫ ЕДІ. ӨЗ ІСІНЕ ӘРҚАШЕН ДА ҰҚЫПТЫ, БЕРІЛІП ТҰРУШЫ ЕДІ.
Гүлнар Мақашева, қызы
Асыл нағашым
Кішіге аға, үлкенге іні болдың,
Халық үшін қадірлі ірі болдың.
Арғымағын ақылдың ерттеп мініп,
Қатарыңнан ойы озық, ізгі болдың.
Жасқанбай-ақ сілтедің сын-семсерін,
Шындық болды әрқашан бір сенгенің.
Таза, адал еңбекпен сиға оранып,
Жарқыраған жұлдыздай сен сөнбедің.
Жылжи-жылжи жылдар өтті,
Артта қалып ғасыр кетті.
Сол жылдармен араласып,
Нағашым кетті асыл текті.
Игі істер нағыз аңыз,
Асыл жанды сағынамыз.
Еске алып біздер бүгін,
Аруағына табынамыз.
Нағашым
Т.Мақашевтың рухына арнаймын.
Немересі — Индира Мадемарова
Бетті әзірлеген: Гүлнара Байбосынова, «SARYSÝ»