НИТРАТТАР ДЕГЕН НЕ?

0

Көптеген  сауда орындарына қауын, қарбыз, өрік және де басқа жеміс-жидектер көптеп түсе басталады. Нитраттар адам ағзасына тек қана жеміс-жидектер  ғана емес, нитраттар негізінде дайындалған жүрек, қантамыр ауруларына арналған дәрі-дәрмектер арқылы да түседі.

Нитраттар суда ериді де дереу қанға өтеді. Нитраттардың әсерінен адамдардың нитраттарды сезгіштігі күшейеді. Нитраттарды сезгіштік жас нәрестелерде, егде кісілерде, қаны аз адамдар мен жүрек, қан тамырлы ауру кісілерде демалу жүйесінің эндокринді науқасы бар адамдарда, ішек ауру дисбактериоз кезінде күшейеді.

Жеміс-жидек  пен бақша өнімдеріндегі нитраттардан  уланудың алдын — алуда, тамақтану гигиенасының орны зор. Бұл тек жеке бастың гигиенасын сақтау емес, жеміс-жидектермен көкөністерді  әркім өзінің денсаулығына, асқазан — ішек жолдарының жағдайына қарай пайдаланғаны жөн. Өрік, қияр, қызанақ, қауын, қарбыз  т.б  іш жүргізетін  жемістер қатарына  жататындықтан, оларды байқап жеу керек. Сыртқы қабығында нитраттар көп жиналатын болғандықтан қабығын аршып тастау қажет.

Адам ағзасына артық нитрат түспеу үшін не істеу қажет:

Жеміс-жидектермен көкөністерді  кулинарлық өндеуден өткізу, ағынды сумен жуу көкөністерді  сумен жуғанда  нитраттар құрамы 10 %  азаяды, қайнатқанда 40-80 %, бұқтырып, қуырғанда-10%, ашытқанда, тұзда- ғанда 2,3 есеге азаяды.

Аудан көлеміндегі сауда орындарында сатылатын  көкөністер мен бақша өнімдерінің құрамындағы нитраттардың көрсеткіштерін Сарысу ауданы орталық сараптау зертханасына зерттеуден өткізіп білуіңізге болады.

Әр  адам  өз  денсаулығын, тамақтану  гигиенасын  есінен шығармай   осы  ұсыныстарды  орындаса,  ешқандай  қауіп   жоқ.

Қ.Байбосын, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы   

Leave A Reply

Your email address will not be published.