БАЛА ҚУАНЫШЫ ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТАДЫ

0

Балалық  шақ ең таза, кіршіксіз, қисынсыз  кезең. «Бақыт деген менің  бала күндерім» деп Мұқағали Мақатаев  жырлағандай, балалық шақ әркімнің жадында қызықтармен, шат-шадыман ойын, риясыз күлкімен есте қалады.

Ойын баласы үшін  ойыннан артық қызық жоқ.  Балабақшада  бала тәрбиелеп, тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдаршысы. Мен балаларды  ата — аналардың  көңілінен  шығып, дұрыс бағыт-бағдар берсем –бұл менің өмірімнің ең шынайы, әрі ғажайып мәні. Менің тәрбиеленушілерім егемен елдің, тәуелсіз Қазақстанның толыққанды  азаматы болып шықса, одан артық менде арман болмас еді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берген білім — адамзаттың  қас жауы»- деген Әбу- Насыр Әл Фараби.

Сол себепті тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ең алдымен  олардың ата- аналарымен  тығыз қарым-қатынаста болу керек. Баланы тәрбиелеу мен дамыту  мақсатында  отбасы мен балабақша  ынтымақтастығын  жүзеге асырған жөн болар.

«Балалық  шағы — патшаның тағы» деген ата-бабамыз айтқандай  балалардың   балалық  шағын  өз жастарына сай  ұйымдастырып, жүзеге асыру біздің  негізгі  міндеттеріміз.

Қорытындылай  келе балабақша  тәрбиешісі ең озық  педагог, психолог және асқан дарын иесі болу  керектігіне  көз  жеткіздім.  Кішкентай   бала  зейінін  дамытып,  жеке   тұлғаға айналдыру  әр тәрбиешінің   басты  міндеті. Сондықтан  бала жүрегіне  жылулық  ұялатып, қабілетімен  дарынын  ашу  әр тәрбиешінің  алдына қойылған ең  басты міндеті деп түсінемін.

«Әке – асқар тау, ана-бауырындағы  бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» деп дана  халқымыз  айтқандай, бала тәрбиесінде  ата -ананың  рөлі маңызды.   Ал, баланың отбасын, елін сүйіп өсуіне және жақсы  азамат болып қалыптасуына  қоғам болып  ықпал етсек -бұл болашағымызға  жасалған  ізгі іс.

И.Алдиярова,

«Ақтоғай» орта мектебінің  жанындағы «Балдәурен» шағын орталығының  әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.