Елдің даму бағыттарын айқындап берді

0

Осы аптаның дүйсенбісі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын арнап, елдің даму бағыттарын айқындап берді.
Жолдауда басты назар-жасанды интеллектті тиімді пайдалану, цифрлық трансформацияны жеделдету және осы арқылы еліміздің экономикалық қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеру мәселелеріне назар аударылды.
Бұл стратегиялық құжат Қазақстан­ның жаңа кезеңдегі даму бағдарына жол ашып, инновация мен білімге негіздел­ген қоғам құруға серпін береді.
Жолдаудың біріктіруші идеясы-цифр­ландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифр­­ландыру мен жасанды интеллект құрал­­­дарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақ­тала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына бірік­тіріледі.

Ж.Орынбаев,
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.