Аудан тұрғындарын қабылдады

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшылығымен өткізген кеңесте «Заң және тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саясат нұсқаулығына айналуы керек екенін ерекше атап көрсеткен болатын.
Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бей-берекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тиым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз», – деп атап көрсетуінің өзі мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруін өте орынды айтылған талап деуге болады.
Аудандық мәдениет үйінде Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік шиеленісті жою мақсатында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Онда аудан тұрғындары заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тегін кеңес алды.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету, азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел және білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеоло­гиясын ілгерілету.
Акцияға аудан прокуроры, аудан прокуратурасының өкілдері, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер, аудандағы құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокат, сот орындаушылар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Акция барысында тұрғындар түрлі мәселелер бойынша қажетті кеңестерін алды.
Іс-шара облыс тұрғындары арасында оң жауап алды. Мұндай шаралар қауіпсіз және жауапты қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді. Азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.