ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 24 — ШІ СЕССИЯСЫ

0

Ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиевтің төрағалық етуімен жетінші шақырылған аудандық мәслихатының кезектен тыс 24-ші сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары С.Мамытов, тиісті мекемелер өкілдері және зум әлеуметтік желісі арқылы онлайн түрде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Шардарбек қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 24-ші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылданды. Олар:

1) «2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы».

Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Е.Имашев хабарлама жасады. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Е.Шардарбек қорытындылау хабарламасын оқыды.

2) «Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы Б.Абилдаева хабарлама жасады.

Депутаттар тарапынан хабарламашыларға сұрақтар қойылып, ауызша жауаптар алынды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.