РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – ХАЛҚЫМЫЗҒА ЖҮКТЕЛГЕН ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК

0

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жарияланған референдум қазақстандықтардың көкейінде жүрген саяси реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Осы мақсатта  Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында мекеме,кәсіпорын басшылары, мектеп директорларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жиында   Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Әбдіғалиұлы әлемдік кеңістікте өз орнын айшықтаған тәуелсіз мемлекетіміздің алға қарай да өркендеуі үшін бұрынғы құқықтық жүйенің заман талабына сай жаңаруы – өте маңызды. Осы орайда, Мемлекет басшысы еліміздің саяси өміріндегі ең маңызды шешімді қабылдап, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлады және референдум жарияланды. Бұл жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін жеткізді. қазақ тілімізді қадірлеу қажет екеніне тоқталды. Одан кейін тарихымызды келешек ұрпаққа насихаттау,  сонымен қатар Сарысудан шыққан батырлар- ды, ауданның дамуына аянбай тер төккен қоғам қайраткерлерін, Ұлы Отан соғысының батыры Ы.Сүлейменовті тағы да басқа тұлғаларды дәріптеу  біздің басты парызымыз екенін жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.

Одан кейін аудандық кітапхананың оқу залында  зиялы қауым өкілдерімен,  мәдениет үйінің және кітапхана қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде мәжіліс депутаты сөз алып, Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп атап өтті.  Сондай-ақ, алдағы референдум – жекелеген топтарды күшейтуді емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтіндігін жеткізіп, 5 маусымда дауыс беруге шақырды. өткен ғасырдағы бабалар салған сара жолды ұмытпау біздің басты парызымыз екеніне тоқталды. тарих сахнасында ойып тұрып орын алатын тұлғаларды келешек ұрпаққа дәріптеуіміз керектігін жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Мәжіліс депутаты білім нәрімен сусындаған Б.Қашқынбаев атындағы орта мектепке ат басын бұрды.  Мектеп директоры Лаура Нұрмаханова   қарсы алып,  мектеп мұғалімдерімен оқушылардың жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.  Сондай-ақ  робототехника кабинетіндегі оқушылардың құрастырған шағын роботтарымен танысты.

Сонымен қатар мектептің акт залында ұстаздармен және биылғы мектеп бітіруші түлектермен еркін форматта кездесу өткізді.

басқосуда  мәжіліс депутаты сөз алып, оқушыларға кеңінен айтып өтті.

—  Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешіріп, үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.

Оқушыларымызды баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру ата- ана, ұстаздардың  ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады.

Ұлан-байтақ даласын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап қалды. Ата –бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт-дәстүрінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл-қыздары екінші дүние жүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандықтың талай қайталанбас үлгісін көрсетті. Осы ерліктерді  жастарымыз ұмытпау керек,-деп барша Отандастарымызды, жерлестерімізді, мектеп мұғалімдерін осынау аса жауапты кезеңде саяси оқиғадан тыс қалмай, референдумға бір кісідей қатысуға шақырды. Басқосу барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, ой- пікірлерімен бөлісті. Одан кейін  Б.Адамбаев атындағы орта мектепке барып, мектеп мұғалімдері және оқушыларымен кездесті.

Мәжіліс депутаты  Б.Әбдіғалиұлы  аудандық Т.Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейінде болды.  «Көне дәуір», «Ықылас Дұкенұлы», «Табиғат», «Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезең», «Этнография», «Мәдени ағарту және өнер» залдарындағы жәдігерлермен танысты.  Ауданымыздың тарихы, ауыл- аймақ, елді мекендеріміздің орналасқан жер картасы, көрнекі орындар, қылқалам шеберлері салған суреттер, аң, құс бейнелері, Күлтөбедегі табылған дүниелерді және 1941-1945 жылдар аралығында Отан үшін от кешкен азаматтарымыздың, тылда еңбек еткен ерлер мен аналар бұрыштарымен Ұлы күйші Ықылас Дүкенұлының өмірі, шығармаларына арналған деректерді көрді.

С.Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.