ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

0

Азаматтық қорғаныс пен басқару органдарының өзара байланысын меңгеру және елді мекендердегі ерікті өрт сөндірушілердің дала өртін алдын алу үшін, жақын елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыруға дайындығын арттыру мақсатында, Саудакент ауылында «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында табиғи өрттерді жою жөнінде бірлескен өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға  Жаңатас қаласының №16 Саудакент ауылдық 11 өрт сөндіру бөлімінің және «Сарысу орман шаруашылығының» жеке құрамдары ауылдық округтердегі ерікті жасақ,  медициналық қызметкерлер қатысты. Іс-шараға барлығы 84 адам және 14 бірлік техника 16 аспалы су шашқыш, 90 дана арнайы өрт сөндіруге арналған құрылғы жұмылдырылды.

Өрт- тактикалық оқу-жаттығуда шартты өртті сөндіруге 3 жауынгерлік участік құрылды және шартты түрде өртті сөндіруге  қол асты құралдары және 2 «Б» оқпандарымен су берілді.

Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында болуы мүмкін дала-орман өрттерін сөндіру әдістері мен дағдылары пысықталды.  Оқу-жаттығу шарасына қатысқан арнайы қызметкерлердің деңгейін бағалап, апаттардың алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Сәулет Есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.