САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ М.СҰЛТАНҒАЛИЕВТІҢ 1 МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті аудан тұрғындары!  

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Береке бастауы — бірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  астам  ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр.

Сондықтан бұл мереке барлық этнос өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының мерекесі. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің ең басты негізі және рухани дамуымыздың жарқын бір көрінісі.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі –бейбіт өмір мен ырысты ынтымақ құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы десек, артық айтқандық емес.

“Бірлік бар жерде – тірлік бар” деген аталы сөз бар. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.

Бірлік, достық, татулық, ынтымақ – еліміздегі саяси-экономикалық тұрақты- лықтың басты әрі негізгі кепілі.         

Осы кезеңге дейінгі бағындырған белестеріміз бен жеткен жетістіктеріміз ұлтаралық татулық пен ауызбірліктің, шынайы түсіністіктің  жемісі.

Халқымыздың дархан достығы мен тағылымды татулығының, абыройлы ауызбірлігінің нақты нәтижесі.

Бүгінде Сарысу ауданының халқы да – өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді.

Ауданда отыздан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуына өз үлестерін қосуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үстіміздегі жылы 16 наурыздағы Жолдауында татулық пен тұрақтылықтың, тыныштық пен бейбітшіліктің қаншалықты маңызды екендігін ескертті.

Ең бастысы, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімізбен сезіну керектігін атап өтті.

Ендеше, қасиетті ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетейік!

Қымбатты сарысулықтар!

«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді», — деген  дана халқымыз.

Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыла- рыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!

Бірлік пен береке күні

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн көп ұлтты Қазақстан халқы үшін достық пен бірліктің, жалпы ұлттық келісімнің айғағы болып табылады.

Біздің тәуелсіз еліміздегі барлық этностар ортақ мәдени және рухани құндылықтарымен нығайтылған. Мемлекетіміздегі әр этнос қоғамның маңызды және үйлесімді бөлігі.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Ел достығы мен бауырмалдығы мемлекетіміз үшін бейбіт күннің, татулықтың ең басты құндылығы.

Ауданымызда көптеген түрлі ұлт өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату, ынтымақта өмір сүріп, бірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтардың салт- дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап, дамытуға өз үлестерін қосуда.

Ардақты ағайын!

Барлық ұлттарды бауырластырған бейбітшілік мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын.

Еліміздің көпұлтты халықтары арасындағы ынтымақтастығы нығая берсін. Әрқашан бірлігіміз бекем болып, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

А.Сейналиев,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.