Оқуға құштар мектеп

0

Кітап — адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, адам интеллектісінің көрінісі. Кітап — рухани азық, кітаптың адам өмірінде алатын орны ерекше. Біз кітап оқу арқылы дүниетанымымызды кеңейтеміз, сөйлеу мәдениетін қалыптастырамыз. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы 2020 жылдың 30 қазанынан бастау алған болатын.

Абылай хан атындағы мектеп-лицейінде де осы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175, ағартушы, ұстаз Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына, ұлттың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына, қазақтың әнші қызы Р.Бағланованың 100 жылдығына, қазақтың әйгілі күйші-композиторы Д.Нұрпейісованың 160 жылдығына, қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтың 125 жылдығына, қазақтың қаһарман қыздары Х.Доспанованың 100 жылдығына, М.Мәметованың 100 жылдықтарына және Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар  жылы» деп атауына байланысты мектеп кітапханасында атаулы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 3-7 сыныптар арасында «Кітап оқу сағаттары», «Кітапханаға саяхат», «Кітапхана шеруі», «Ойлан тап» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Оқуға құштар мек- теп» жобасы аясында іске асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес   «Рухани-жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сыйлыққа кітап» атты кітапханаға ерікті түрде кітаптар өткізу және «Шаңырақ» жобасының аясында «Буккроссинг — бірге оқимыз» кітаптың айналымда жүруі» атты акциялар жұмыс істеп келеді. Осы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында мектебіміздің 2021-2022 жылғы 11 «А» сыныбының мектеп бітіруші түлектері, сынып жетекшісі Тоғжан Алиеваның ұйымдастыруымен кітапхананың жас оқырмандарына арнап әр түрлі 18 дана ертегі кітаптарын сыйға тартты.

Мектеп бітіруші түлектердің «2022 жыл — Балалар жылы» болып қабылданғанын ескере отырып сыйға тартқан кітаптары балаларға бос уақыттарын тиімді өткізуге, тіл байлығын, ойлау қабілетін, есту зейінін, қиялын, эстетикалық танымдарын арттыруға көмектеседі.

Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру, ынталандыру мақсатында бұл жоба аясында іс-шаралар, акциялар ары қарай да ұйымдастырылып, жалғасын таппақ.

Р.Уксикбаева, кітапхана меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.