Н.НҰРЖІГІТОВ: БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН АЛДЫМЕН ӨЗІМІЗ САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ТИІСПІЗ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шығармашылық және спорттық тапсырысты жүзеге асыру аясында жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінің орындалуына байланысты тұрғындардың шағымдары бойынша кеңес өткізді.

Өткен жылы  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі 119, 120, 121 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, өткен жылы мемлекеттік спорт тапсырысына 142,3 млн.теңге бөлінген. Барлығы 17 спорт түрі бойынша 119 спорт секциясы жұмыс істеуде (10 590 бала). Ал, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше,  былтыр мемлекеттік тапсырысқа 135,5 млн. теңге қаралса, бұл бағытта 239 шығармашылық үйірме (8560 бала) тіркелген.

Салалық басқармалар басшылары 2021 жылдың қазан-қараша айларында тапсырыс берушілер мен қатысушы балалардың саны күрт артқанын атап өтті. Қолданыстағы үйірмелер мен секциялардың қызметтеріне ай сайынғы шығындарды ескере отырып, қосымша қаражат бөлу қажет. Бюджет қаражатының болмауына байланысты, қазіргі уақытта қызмет көрсетушілерден өтінімдерді қабылдау және  балаларды тіркеу тоқтатылды.

— Бағдарламалар әкімшілері — мәдениет, спорт басқармалары – мемлекеттік тапсырыстың барлық жеткізуші-орындаушыларымен Меморандумға қол қоюы тиіс. Үйірмелер мен секциялардың қызметіне егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет.  Оларға нақты қанша бала қатысатынын анықтау керек. Сондай — ақ, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сындарлы диалог орнату қажет, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы ауыл, қала, аудан әкімдеріне, мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

— «ArtSport» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер мәдениет үйлерін немесе спорт кешендерін жалға алған. Бұлай болмауы керек.  Одан да осы ұйымдардың штат санын көбейту туралы ойлану керек. Жыл сайын жаңа мәдениет және спорт нысандары ашылуда. Соларды ұтымды пайдалана отырып, алдымен біз өз күшімізбен балалардың  бос уақытын сапалы ұйымдастырып, содан кейін ғана кәсіпкерлердің мүмкіндігіне жүгіну керекпіз, — деп түйіндеді аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Н. Нуржигитов: Нам надо своими силами организовать качественный досуг детей, а потом уже привлекать предпринимателей

Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов провел совещание по жалобам жителей на проблемы, связанные с реализацией программы подушевого нормативного финансирования в рамках реализации творческого и спортивного заказа.

В прошлом году были приняты поправки в законодательство, внедряющие подушевое нормативное финансирование госзаказа для развития детского спорта и творчества (программа «Артспорт»).

По информации областного управления физической культуры и спорта, в 2021 году на госспортзаказ было выделено 142,3 млн. тенге.  Всего функционируют 119 спортивных секций по 17 видам спорта (10 590 детей).  По данным областного управления культуры, архивов и документации, в 2021 году на госзаказ выделено 135,5 млн. тенге. Зарегистрированы 239 творческих кружков (8560 детей).

Руководители профильных ведомств отмечают, что в октябре-ноябре 2021 года количество заказчиков и воспитанников резко увеличилось. С учетом ежемесячных расходов на услуги действующих кружков и секций потребуется направить дополнительные средства. В связи с отсутствием бюджетных средств, в настоящее время прием заявок от поставщиков услуг и регистрация ваучеров приостановлены.

— Администраторы программ – управления культуры, спорта – должны  подписать Меморандум со всеми поставщиками – исполнителями государственного заказа. Необходимо провести детальный анализ деятельности частных организаций. Следует выяснить, сколько детей на самом деле посещают эти кружки и секции. Также нужно провести разъяснительную работу с родителями, наладить с ними конструктивный диалог, — сказал аким области.

Конкретные поручения даны акимам сел, городов и районов, руководителям управлений культуры, архивов и документации, физической культуры и спорта.

— Некоторые частные организации, работающие по программе «Артспорт», расположились в Домах культуры или спортивных комплексах, взяли там в аренду помещения. Такого быть не должно. Вместо этого, рассмотрите вопрос об увеличении штатной численности этих организаций. Каждый год открываются новые объекты культуры и спорта. Сначала нам надо своими силами организовать качественный досуг детей, а потом уже привлекать предпринимателей, — заключил глава региона.

Пресс-служба акима

Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.