ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

0

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиевтің төрағалық етуімен жетінші шақырылған аудандық мәслихатының кезектен тыс 23-ші сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары С.Мамытов және тиісті мекеме өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 23-ші сессиясының күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылдады. Олар:

  1. «2022-2024 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №19-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. 2022 жылы Сарысу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
  3. Жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.
  4. Сарысу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  5. Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы №13-5 «Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі №5-11 «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аудандық мәслихат депутаттары тараптарынан қойылған сұрақтарға хабарламашылардан жауаптар алынды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.