ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Нұрхан Нұрлановпен кездесті.

Кездесуде компания қызметінің бірқатар өзекті мәселелері, оның ішінде инвестициялық бағдарлама мен кәсіпорынның өндіріс көлемін арттыру, әлеуметтік міндеттемелерді орындау, әлеуметтік нысандарды салу жөніндегі жоспарларына қатысты мәселелер қаралды. Нұрхан Нұрланов өткен жылы Қаратау қаласында 72 пәтерлі тұрғын үйді  халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарының игілігіне берілгенін атап өтті. Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы отбасылар, ардагерлер, мүгедектер, сондай-ақ жеке баспанасы жоқ «Қаратау» МКҚК қызметкерлері бар. Инвестиция көлемі 1200 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары бар жаңа саябақ ашылған.

Тараз қаласында «Қазфосфат» ЖШС өз қызметкерлері үшін «Інжу» тұрғын үй кешенінен 31 пәтер сатып алған. Пәтерлер толықтай жиһазбен жабдықталған және кіруге дайын. Инвестиция көлемі 301 млн. теңгені құрайды.

Серіктестік облыс орталығындағы Үшбұлақ каналының жағалауын абаттандыру жобасына да қаржы бөлген.

Кәсіпорын биыл Жаңатас қаласындағы «Үш алып» ғимаратын қайта жаңғыртуды жоспарлауда. Нәтижесінде ардагерлерге, мүгедектерге, Қаратау тау-кен өңдеу кешені қызметкерлеріне, кезекте тұрған көп балалы отбасыларға пәтер кілттері табысталмақ.

Сондай-ақ спорт залы мен аллеялар қайта жаңғыртылып, онда қазақтың үш биіне еңселі ескерткіш орнатылатын болады.

«Қазфосфат» ЖШС ЖФ «ЖЖФЗ», «МТ», ТФ «ТТК» филиалында еңбек жағдайларының сапасын жақсарту мақсатында асханаларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа заманауи қондырғылар орнатылған. «Көктал» емдеу-сауықтыру кешенінің медициналық пункті мен 5 ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған.

Нұрхан Нұрланов қызметкерлердің жалақысы жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, мерекелер қарсаңында зауыт жұмысшылары сыйақы алады.

– Жұмыс орындарын сақтау, жалақыны өсіру, еңбек жағдайларын жақсарту  секілді негізгі мәселелер әрқашан айрықша назарда болуы керек, – деді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аким Жамбылской области встретился с генеральным директором ТОО «Казфосфат»

Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов провел встречу с генеральным директором ТОО «Казфосфат» Нурханом Нурлановым.

В ходе беседы был рассмотрен ряд актуальных вопросов деятельности компании, в том числе, связанные с инвестиционной программой и планами компании по увеличению производства, выполнением социальных обязательств, строительством социальных объектов.

Нурхан Нурланов рассказал о том, что в прошлом году в городе Каратау ключи от 72-х квартир получили социально уязвимые категории граждан, среди которых многодетные семьи, ветераны, инвалиды труда, а также работники ГПК «Каратау», не имеющие собственного жилья. Сумма инвестиций — 1 200 млн. тенге. Здесь же открылся новый парк с детскими игровыми и  спортивными площадками.

В городе Таразе для своих работников ТОО «Казфосфат» выкупило  31 квартиру в ЖК «Инжу». Квартиры полностью обустроены и готовы к проживанию. Сумма инвестиций – 301 млн. тенге.

Компания также инвестировала проект по благоустройству берега канала Үшбұлақ в областном центре.

В текущем году планируется в городе Жанатасе провести реконструкцию здания, которое в народе называют «Три богатыря». Ключи от квартир будут вручены ветеранам, инвалидам труда, работникам ГПК «Каратау», и многодетным семьям-очередникам.

Также будут реконструированы спортивный зал и аллеи, где установят памятник трем казахским биям.

В целях улучшения качества условий труда в филиалах ТОО «Казфосфат» ЖФ «НДФЗ», ТФ «МУ», филиала «ЖТК» осуществлена модернизация столовых, установлено новое современное оборудование. Проведен капитальный ремонт лечебного блока и 5 корпусов лечебно-оздоровительного комплекса «Коктал».

Нурхан Нурланов подчеркнул, что ежегодно повышается заработная плата работников. К тому же, в преддверии праздников заводчане получают премии.

— Сохранение рабочих мест, рост заработной платы, улучшение условий труда – эти основные вопросы должны быть всегда на особом контроле, — заключил глава региона.

Пресс-служба акима

 Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.