ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

0

Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиевтің төрағалық етуімен жетінші шақырылған аудандық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары С.Мамытов және тиісті мекемелер өкілдері қатысты.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 20-шы сессиясының күн тәртібіне ұсынылған 3 мәселе аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында тыңдалып, талқыланып, сессияда тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселе „Сарысу ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы” аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топтың басшысы Ж.Орымбаев хабарлама жасады. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы және Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы №75-2 „Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Тлеубаев хабарлама жасады. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаты Л.Нұрмаханованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс, әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі  «Білім саласында және „Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы И.Баймағамбетов хабарлама жасады. Аудандық мәслихаттың депутаттары қойған сауалдарға хабарламашы тарапынан тиісті жауаптар берілді. Күн тәртібіне ұсынылған мәселе қатысушылармен талқыланып, қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.