Кітап- ғажайып әлем

0

Жамбыл облыстық Д.А.Қонаев атындағы  балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  2022 жылдың 1 сәуірінде «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «2022 жылы-Балалар жылы» мен «2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне» орай балаларды кітап оқуға тарту мақсатында «Кітап-ғажайып әлем» фестивалі өтті.

Мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде

ЮНЕСКО аясында аталып өтуде, осыған байланысты  А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын, ғылыми мұраларын насихаттау.

Ұлттық және биік құндылықтарды болашақ ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында өткізілген іс-шараға Жаңатас қалалық балалар кітапханасы қатысып, өз үлесін қосты. А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына «Алаштың рухани көсемі»атты кітап көрмесі мен  «Халық қасіреті және тарих тағылымы» атты кітап инсталляциясы оқырман назарына ұсынылды.

Іс-шара соңында балалар кітапханасының кітапханашылары Раушан Тажиева мен Қарлығаш Бекеева алғыс хаттарымен марапатталды.

Камели Сүлейменова, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.