Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін аса маңызды

0

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға және жаңа конституциялық басқару моделіне көшуге бағытталған тарихи маңызды қадам. Бұл науқан Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – aесеп беретін Үкімет» формуласын іске асырудың негізі болып саналады. Әр азамат осы күні еліміздің жарқын болашағы үшін таңдау жасауы қашан да маңызды екенін сезінуі керек.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға ақпараттық түсіндіру топ мүшелері қатысты.
Кездесуде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлимова баяндама жасап, алдағы науқанның маңыздылығына тоқтала кетіп, ауданда құрылған 3 ақпараттық түсіндіру жұмысшы тобының құрылғанын айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан тұрғындарына сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаудың тетіктерін жеткізді. Жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, түсіндіру жұмыстарын жан-жақты талқылады.
Иә, жаңартылған Конституцияға сай өтетін бұл маңызды саяси науқан – еліміздегі демократиялық үдерістерді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. 145 депутаттың толықтай пропорционалды (партиялық тізім) жүйемен сайлануы партиялардың жауапкершілігін арттырып, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.
Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін аса маңызды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.