Білімді жас, білікті маман-ел болашағы
Маман иесі болу-үлкен жауапкершілік. Ал білікті маман болу – кәсібіңді терең меңгеру, кәсіби этиканы сақтау, жаңалыққа ашық болу деген сөз. Бүгінгі еңбек нарығы жан-жақты, икемді әрі кәсіби тұрғыдан мықты мамандарды қажет етеді. Сондықтан жас мамандар біздер, тек теориялық біліммен шектеліп қана қалмай, тәжірибе жинақтап, заман талабына сай үздіксіз даму үстінде болуымыз керек.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде қоғамның дамуы, елдің өркендеуі ең алдымен білім мен ғылымға, сонымен қатар кәсіби білікті мамандардың санымен емес, сапасымен өлшенеді.
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндеттердің бірі-білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Адам баласы бұл өмірге келген соң өмірде қателеспей таңдауы керек жолдар бар. Бірі өмірлік аяулы жары, ал екінші жолының бірі-мамандық таңдау. Себебі білікті маман – қоғамның дамуына үлес қосатын қозғаушы күш. Әр мамандықтың заман сұранысына сай өзіндік орны болады. Сондықтан да мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Маман иесі болу – үлкен жауапкершілік. Ал білікті маман болу – кәсібіңді терең меңгеру, кәсіби этиканы сақтау, жаңалыққа ашық болу деген сөз. Бүгінгі еңбек нарығы жан-жақты, икемді әрі кәсіби тұрғыдан мықты мамандарды қажет етеді. Сондықтан жас мамандар тек теориялық біліммен шектеліп қалмай, тәжірибе жинақтап, заман талабына сай үздіксіз даму үстінде болуы керек.
Осындай жас маман, өзінің бала кездегі арманымен мамандығын таңдап, қазіргі таңда еңбек етіп жатқан Бейбіт Қайыржанұлы Береке жайлы оқырмандар назарына ұсынбақпыз.
Бұрғылаушы мамандығы Қазақстан өнеркәсібінде ең елеулі және белгілі кәсіптердің бірі болып табылады. Біздің еліміздің мұнай-газ, тау-кен өндіру, су шаруашылығы, сондай-ақ индустрияның басқа да секторларында ондаған мың адам әр түрлі бағыттағы ұңғымаларды бұрғылаумен шұғылданады. Ақиқатын айтқанда, кез келген жер байлығын игеру бұрғылаудан басталады.
«Қазақ сода» компаниясында бұрғылау бөлімінде жұмысшы қызметін атқаратын Бейбіт Қайыржанұлы 2005 жылы шілде айының 4 күні Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2012-ші жылы Абылай хан атындағы орта мектептің 0-сыныбына қабылданып, 2021-ші жылы 9-шы сыныпты бітіріп шығады.
2021-ші жылдан бастап бір мамандық иесі атанып, өмірде өз жолын табу үшін Жаңатас көпсалалы колледжіне «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, білім ордасын 2024-ші жылы жақсы үлгеріммен бітіріп шығады.
2024-ші жылдың мамыр айының 15-күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери қызметке шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын атқару мақсатында жас сарбаздар қатарына қосылады. 2025-ші жылы мамыр айының 15-күні Әскери борышын толық өтеп, елге аман-есен оралады.
2025-ші қазан айының 13-ші күнінен бастап «Қазақ сода» компаниясында бұрғылау бөлімінде жұмысшы лауазымында қызмет атқарып келеді. Көп жастарға үлгі боларлықтай жас маман. Жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтарға мойымай, жеңіп шығуға тырысып жүреді. Үнемі ізденіс үстінде жүретін жас маман ретінде де өз кәсіптестері арасында абыройға ие.
Камели Сүлейменова, «Sarysý»