Чернобыль – ұмытылмас қасірет

0

Адамзат тарихындағы ең ауыр апаттардың бірі — Чернобыль апатына 40 жыл толуына орай жастармен тағылымдық кездесу ұйымдастырылды. 1986 жылдың 26 сәуірінде болған бұл апат мыңдаған адамның тағдырын өзгертті. Бұл – тек бір елдің емес, бүкіл әлемнің қайғысы.Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс — ядролық қауіптің қаншалықты қауіпті екенін дәлелдеген тарихи оқиға.
Апта ішінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Чернобыль – ұмытылмас қасірет» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Тағылымды шараға ауданнан апаттың алдын алуға атсалысқан А. Өскенбеков пен О. Даулетбаев қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен және апаттың адамзатқа тигізген зардаптары туралы жастармен еркін сұхбат өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар Чернобыль апатының тарихи маңызы, оның экологиялық және әлеуметтік салдары жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, қонақтар оларға кеңінен түсіндіріп, жауаптар берді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың тарихи санасын қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және мұндай апаттардың қайталанбауына үндеу болды. Кездесу қатысушыларға үлкен ой салып, тағылымды әсер қалдырды.

С. ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.