ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР — ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

0

Әлемдегі әсемдік пен сұлулық та, бойымыздағы ізгілік пен құт- береке ананың жүрегінен бастау алады. Әйел – рухани бастау ғана емес, әйел ертеңге деген сенім мен қажымас қайраттың қайнар бұлағы. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев «Ел басына күн туғанда нәзік жандар қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласа білді. Қажырлы еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімі тарих беттерінде мәңгілікке жазылады»,- деп атап өткен болатын.
Расында бүгінгі таңда, әйелдерге деген мол мүмкіндіктер қарастырылған. Олардың қоғамдағы рөлін арттыру, саяси бағдарламаларда үнқосуына жағдай жасауға ауқымды жұмыстар бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, боламын, толамын деген нәзікжандыларға деген қолайлы жағдай жасалған. Тек ұшқыр ой мен ниет қана қажет. Ой салмағын сезініп, қоғам алдындағы жауапкершілікті арқалап жүрген іскер әйелдер арамызда көп. Имидждік құрылымға басымдық беріп, ел дамуына өзгеше үлес қосуды арулар ортақ іс деп санайды.
Ауданымызда «Іскер әйелдер» бірлестігі игі істердің ұйытқысы болып, табанды еңбек етіп келеді. Құрамында 13 әйел азаматшасы бар ұйым көптеген шараларда белсенділік танытып жүр. Бұл туралы аталмыш бірлестіктің жетекшісі Раушан Әшімова атқарылған жұмыстарға былай деп тоқталды: — Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген шақта гендерлік саясатқа баса назар аударуды жүйелі жолға қойған. Нақты бекітілген индикаторлық көрсеткіштер де бар. Қазақстан Республикасының Президенті 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасындағы» 9 нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытындағы атқарылған жұмыстарды қысқаша тарқататын болсам, алғашқы индикаторлық көрсеткіште ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтықты 2025 жылға қарай 8 жылға, 2026 жылға қарай – 7,8 жылға жеткізу көзделген.
2025 жылдың 3 айы бойынша аудан халқының саны 43 986 адамды құрайды. Оның ішінде әйелдер 21 657 адам немесе 49,0 пайыз.
2026 жылдың 3 айы бойынша аудан халқының саны 43 475 адамды құрайды. Оның ішінде әйелдер 21 312 адам немесе 49,0 пайызын құрайды.
2025 жыл бойынша ерлердің жас ұзақтығы 71,6 жасты, әйелдердің өмір ұзақтығы 79,5 жасты көрсетті, алшақтық 7 жас. (өмір ұзақтығы бойынша ұлттық бюро статистика базасында жылдық есеппен көрсетіледі. Екінші индикатор, тіркелген некелердің жалпы санына қарағанда бұзылған некелердің үлесін 2025 жылға қарай – 37,0 %-ға, 2026 жылға қарай – 36,3 %-ға азайту. 2025 жылдың 3 айында аудан бойынша тіркелген неке санына (12 неке тіркелген) қарағанда бұзылған некелердің (4 неке бұзылған) үлесі 33% құрады. Бұл оң көрсеткіш. 2026 жылдың 3 айында тіркелген неке санына (9 неке тіркелген) қарағанда бұзылған некелердің (2 неке бұзылған) үлесі 22 % құрады.
Сарысу ауданында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында Сарысу ауданы әкімінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі №151ө өкімімен отбасы мәселелері жөніндегі «Бастау» жұмыс тобы (ары қарай – Жұмыс тобы) құрылған.
2025 жылдың 3 айы бойынша 6 ұйғарым түскен. Татуласқан отбасылар саны 2 болса, бастартушылар саны 4. 2026 жылдың 3 айы бойынша жұмыс тобына есепті мерзімде аудандық соттан 4 ұйғарым келіп түскен. Қазіргі таңда 2 отбасы қайта қосылудан бас тартса, 1 отбасы татуласты. 1 арыз иелерімен психологиялық жұмыстар жүргізілуде. Үшінші индикатор репродуктивті жастағы 1000 әйелге шаққанда жүктілікті жасанды үзу коэффициентін 2025 жылға қарай – 15,0-ке, 2026 жылға қарай – 14,5-ке азайту. Жалпы бұл жұмыстар бойынша да тиісті нәтижелерге қол жеткізілуде. Тағы бір маңызды индикатор әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстық зорлық- зомбылық фактілерінің санын 2025 жылы 20%-ға, 2026 жылы 24 %-ға төмендету. 2025 жылдың 3 айы бойынша әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық -зомбылық фактісі тіркелмеген. 2026 жылдың 3 айы бойынша әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық – зомбылық фактісі тіркелмеген (ҚР ҚК-нің 108-1 бабы 1 бөлігі 0 қылмыс, ҚР ҚК-нің 109-1 бабы 1 бөлігімен 0 қылмыс).
(ҚР ӘҚБтК 73-бабымен көзделген отбасы қарым-қатынаста құқық бұзушылықтарға жол берген үшін бірқатар тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бесінші индикаторда балаларға қатысты тіркелген зорлық- зомбылық фактілерінің санын 2025 жылы 20 %-ға, 2026 жылы 24 %-ға төмендету қаралған. 2025 жылдың 3 ай және 2026 жылдың 3 айы бойынша балаларға қатысты тұрмыстық зорлық- зомбылық фактілері тіркелмеген. Демек, түсіндіру жұмыстары өз жемісін беруде. Алтыншы индикатор әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтықты 2025 жылы – 23,0 %-ға, 2026 жылға қарай – 22,7 %-ға азайту. 2025 жылы орташа жалақы шамамен 320 389 теңгені құрады. Әйелдер бизнесінің дамуы әйел азаматшалардың табысы мен ер азаматтардың табысы арасындағы гендерлік алшақтықтың азаюына өз әсерін тигізуде. Оған мысал, аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санындағы әйел азаматшалар басшылары болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесінің 50,7 %-ға жетуі немесе 2502 бірлікті құрауы оң көрсеткіш болып табылады. Келесі көрсеткіште материалдық активтері (мүлік, тұрғын үй, көлік), ЖК) бар әйелдердің ерлерге қарағанда үлесін 2025 жылға қарай 5 %-ға, 2026 жылға қарай 5,5 %-ға ұлғайту. Бұл ретте ауданда 4933 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның 50,7 пайызының немесе 2502-нің басшылары әйел азаматшалар болып табылады. Тағы бір көрсеткіш биліктің атқарушы, өкілді және сот органдарында, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесін 2025 жылға қарай – 25,0 %-ға, 2026 жылға қарай – 25,3 %-ға арттыру. Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарда 3 әйел басшы, аудандық мәслихатта 1 әйел депутат, 36 білім беру нысанында 15 әйел директор, 11 балабақшаның меңгерушілері 100% әйел азаматшалар. Орташа пайыздық көрсеткіш – 44%-ды құрап отыр. Бұл әйелдерге артылған нық сенімнің белгісі. Тағы бір маңызды индикатор бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің үлесін 2025 жылға қарай – 8,0 %-ға, 2026 жылға қарай – 8,2 %-ға арттыр.
Құқық қорғау органдарында, оның ішінде полиция бөлімінде – 4, пробация қызметінде жоқ, прокуратурада жоқ, сот жүйесінде – 6 әйел азаматша қызмет етеді. Әйел азаматшалардың бұл саладағы үлесі 10,5%-ды құрап отыр. Сонымен қатар, Сарысу аудандық орталық ауруханасының «Ерте жүктіліктіктің» және «Суицидтің алдын алу» бойынша жүргізілген профилактикалық іс- шараларының алдын алу есебін назарға алатын болсам, негізгі мақсат хабардарлықты арттыру – репродуктивті денсаулық пен психикалық әл-ауқаттың өзара байланысын түсіндіру арқылы жастардың денсаулыққа деген көзқарасын жақсарту. Қолдау көрсету – жасөспірімдер мен жастардың қажетті ресурстар мен медициналық- әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету. Алдын алу шаралары – психоэмоциялық қиындықтардың, соның ішінде суицидтің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Сондай-ақ, суицид пен ерте жүктіліктің алдын алуда да жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Қорыта келгенде, түрлі салаларда оң өзгерістер мен ілгерілеу бар. Бұл темірдей талаптың болуы мен көрсеткіштердің жақсаруына деген шынайы әрекет деп білемін. Осы орайда, алдағы уақытта да жоспарға сәйкес, жұмыстар жалғасын таба бермек. Ел сеніміне арқа сүйеген іскер әйелдер әр істі жұмыла жасамақ.

Ботагөз Макашева, Сарысу ауданы
әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.