Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу

0

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде. Осыған орай ауданымызда «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтау, азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын үйлестіру және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын нақтылау.
Бұл іс-шара көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде ТЖ алдын алуға және оларды жоюға бағытталған барлық жерлерде шынайы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірыңғай кешенді міндет форматында ұйымдастырылды.
Практикалық бөлім шеңберінде халықты құлақтандыру, ақпараттандыру, қорғау бөгендерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды дайындау, қар шығару, сондай-ақ авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын, зардап шеккен халықты эвакуациялау және орналастыру жөніндегі іс-шараларды пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Оқу-жаттығуға Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері мен тиісті мекемелер қатысты. Шара барысында шартты түрде су тасқыны жағдайы енгізіліп, күштер мен құралдарды жұмылдыру, халықты құлақтандыру, эвакуациялау және зардап шеккендерге көмек көрсету іс-қимылдары пысықталды.
Жаттығу қорытындысы бойынша жауапты қызметтердің көктемгі кезеңге дайындығы бағаланып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. «Көктем–2026» оқу-жаттығуы азаматтық қорғау жүйесінің үйлесімді әрекет етуіне және төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.