Ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады
Ауданымызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумды түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың жаңа Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатындағы кездесуі Саудакент ауылындағы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектепте жалғасты.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Ата Заңымызға енгізіліп отырған оң өзгерістерге тоқтала кетті. Жаңадан қабылданып жатқан Заң қоғам ашықтығы мен халықпен ашық диалогты қамтамасыз етеді. Мектеп ұжымы алдағы келе жатқан науқанға белсене қатысатындарын мәлімдеп, еліміздің болашағы үшін таңдауларын жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар Б.Адамбаев атындағы орта мектебінде қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы: — Жаңа нормалар білім саласындағы ашықтық пен есептілікті күшейтеді, оқыту сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік әділеттілікті нығайтады. Мемлекет сапалы білім беру бағдарламаларын дамыту арқылы инновациялық және бәсекеге қабілетті қоғам құруды мақсат етеді,- деп Ата Заңның білімге қатысты бөлімдеріне тоқталды.
Жиын барысында қатысушылар белсенділік танытып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарастары мен пікірлерін білдірді.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»