Тағайындау

0

Сарысу ауданы әкімінің 2026 жылғы 25 ақпандағы №26-ж/қ өкіміне сәйкес Кеңесов Мұхаметәлі Нұрланұлы Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Кеңесов Мұхаметәлі Нұрланұлы 1994 жылы 6 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.
2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және турзим бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2021-2025 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы;
2025 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.