Тағайындау

0

Сарысу ауданы әкімінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 54-ж/қ өкіміне сәйкес Елнұр Базылбекұлы Әлімқұлов Сарысу ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Елнұр Базылбекұлы Әлімқұлов 1991 жылы 1 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Информационный Центр – Тараз» ЖШС-де қарапайым жұмысшы болып бастаған.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының әскер қатарында міндетін атқарған.
2015-2021 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы.
2021-2024 жылдары Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы.
2024-2025 жылдары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы.
2025 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.