ТАҒАЙЫНДАУ
Сарысу ауданы әкімінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 102-ж/қ өкіміне сәйкес Айнеков Нұржан Дүйсенбайұлы Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының лауазымын уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Жаңа бөлім басшысын аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтап, ауданымыздың спорт саласын дамытуда аянбай еңбек етуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, бірқатар тапсырмаларды жүктеп, спорт саласындағы индикаторлық көрсеткіштерді сапалы орындауды тапсырды. Мұнан соң аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек пен қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев те ізгі тілегін жолдап, бұқаралық спортты жандандыруда сәттілік тіледі. Сонымен қатар, спорт ардагерлері Тастанбек Шаихистамов, Жүсіп Карібозов құттықтауларын білдірді.
Айнеков Нұржан Дүйсенбайұлы 1987 жылы 18 наурызда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 2009 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы №22 Сарысу ауданындағы балалар — жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. 2011-2014 жылдары №22 Сарысу ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің нұсқаушы-әдіскері, 2014-2020 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері, жаттықтырушы-оқытушысы, директордың орынбасары, директоры, 2021-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №30 бокстан балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, әдіскері, 2023-2025 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2025 жылдың сәуір — қараша айларында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №26 балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарды. Отбасылы, 6 бала тәрбиелеуде.
«Sarysý»-АҚПАРАТ