ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ — ҚОҒАМНЫҢ СЕНІМІ
Заңдардың бірізділігі, құқық үстемдігі және азаматтардың құқықтарын қорғау – қоғамның сенімді дамуының негізі.
Сонымен қатар, негізгі құндылықтар – адам құқықтары, демократия, әлеуметтік әділеттілік – өзгермейтін принциптер ретінде бекітілген.
Осы орайда, аудан әкімі Сәкен Мамытовтың кездесуі Саудакент ауылындағы cпорт кешенінде жалғасты. Жиында аудан басшысы: — Жаңа Ата Заң жобасы қалыптасқан мемлекеттік құрылымды, Қазақстанның халықаралық беделін, адами капиталды, білім, ғылым және инновацияларды дамытудағы айқын басымдықтарын көрсетеді.
Сонымен бірге, мемлекеттіліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарған қолданыстағы Конституцияға құрмет сақталады. Жалпы алғанда, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілуі ұсынылып отыр, — деп жаңа Заңның жобаларына тоқталды.
Бүгінгі күні Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасуда, ал жүргізіліп жатқан реформалар еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталуда.
Одан кейін аудан әкімі Сәкен Мамытов Ұйым ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында Сәкен Үмбетұлы алдағы өтетін маңызды науқанға ауыл тұрғындарының атсалысуы аса маңызды екенін айтты. Ұйымдықтар өз кезегінде науқанға байланысты көзқарастарын білдіріп, Президент саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.
Жаңа Конституция азаматтық қоғамның дамуына, демократиялық құндылықтардың нығаюына және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.
Сәулет Есқара, «Sarysý»