Алдағы бағыт-бағдарымызды айқындайды

0

Қазақстан Республикасының Ата Заңына енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтыруларының әзірленуі елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды конституциялық реформаның жалғасы болып табылады. Реформаның ерекшелігі-оның инклюзивті сипаты. Конституциялық өзгерістер азаматтық қоғам институттарын, саяси партияларды, ғылыми және сарапшылық қауымдастықты кеңінен тарта отырып әзірленді. 2026 жылғы 21 қаңтарда құрылған Конституциялық комиссия конституциялық реформаны жаңа сапалық деңгейге көтерді.
Осы орайда, спорт кешенінде аудандық ақпараттық түсіндіру жұмысшы тобының мүшелері кездесу өткізді. Кездесуде жұмысшы топ мүшелері жаңа Конституция жобасы Парламенттің өкілеттігі мен жауапкершілігін күшейтуді көздейтінін, сондай-ақ заң шығару процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сөз кезегін алған аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Айнеков Ата Заңға енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтыруларда білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының басты тірегі ретінде айқындалып, бұл-Қазақстан дамуының ресурстық модельден адами капиталға негізделген модельге түбегейлі бет бұрғанын көрсететін стратегиялық тұжырым. Сонымен қатар цифрландыру мәселесі конституциялық деңгейге көтеріліп, азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі норма алғаш рет бекітіліп, бұл құқықтық жүйенің технологиялық трансформацияға бейімделуін көрсететіндігін айтты.

К.СҮЛЕЙМЕНОВА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.