Конституция – еліміздің негізі

0

Кеше аудандық ақпараттық түсіндіру жұмысшы тобы Абылай хан атындағы мектеп лицейінде Қазақстан Республикасының жаңа конституциялық реформасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Конституция­лық реформаның негізгі ережелері, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, азаматтық белсенділікті арттыру, сондай-ақ шешім қабылдау үдерістеріне жастарды кеңінен тарту мәселелері сөз болды.
Іс-шараны ашқан аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов қазіргі кезеңнің ел тарихындағы айрықша маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда Конституциялық реформа жүзеге асып, Конституцияның жаңартылған мәтіні кең қоғамдық талқылауға ұсынылған. Жаңа редакциядағы Негізгі заң әлеуметтік мемлекет қағидаттарын күшейтіп, барлық азаматқа, соның ішінде жастарға да білім алу, еңбек ету және өзін-өзі дамыту салаларында тең мүмкіндік беруге бағытталған.
Конституция – еліміздің негізі. Қоғам дамыған сайын заң да заман талабына сай жаңарып отыруы қажет. Ұсынылып отырған реформа әділдікке, заң үстемдігіне және ашық мемлекет құруға бағытталған. Референдум – халықтың, соның ішінде жастардың да, өз таңдауын жасауына мүмкіндік береді. Жастар бейжай қалмай, белсенділік танытып, бұл үдерістерге жауапкершілікпен қарауы тиіс- деді ол.

К.СҮЛЕЙМЕНОВА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.