Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
Апта басында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52-ші сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №49-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Тұрақты комиссиялардың отырысы барысында аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар сауалдарын қойды.
Мәслихат төрағасы мен №12 сайлау округінің депутаты Талғат Наханов Талас өзеніндегі гидротораптарынан Сарысу ауданының тиісті елді мекендеріне су жіберу мәселесін көтерді.
Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары түсіндіріп, тиісті ауылдық округ әкімдерінің тарапынан жауаптары берілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты