ұлттық ойдың тірі алаңы
Бесінші Ұлттық құрылтай – мемлекеттің өзін-өзі тыңдай алатын деңгейге жеткенінің көрінісі. Бұл жиында айтылған әрбір ой, әрбір ұсыныс елдің болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның белгісі.
Президенттің жыраулық өнер мен еңбек адамын қатар атап өтуі – ұлттық идеологияның тірек нүктелері айқын екенін көрсетеді. Бұл – даңқ пен атақ емес, маңдай тер мен рухани мұраға негізделген қоғам құру жолы.
Ұлттық құрылтай – формальды орган емес, ұлттық ойдың тірі алаңы.
«Парламент» емес, «Құрылтай»!
Мемлекет басшысы елімізде құрылатын бір палаталы парламентке «Құрылтай» атауын беру жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында, бүгін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, «Құрылтай» сөзі қазақ халқының тарихи санасында терең орын алған әрі мазмұны жағынан жұртқа етене таныс. Сондықтан бұл атау елдің саяси жүйесінде айрықша маңызы бар институттың нышаны ретінде сақталуға тиіс.
Президент құрылтай дәстүрін жаңғырту идеясын өзі 2022 жылы ұсынғанын еске салды. Сондай-ақ ол өз сөзінде Құрылтай қызметінің нәтижелілігі мен қоғам үшін берер пайдасына арнайы тоқталғанын атап өтті. Мемлекет басшысы болашақ парламентке дәл осы атауды беру орынды әрі мағыналы шешім болады деген сенімін білдірді.
Г. Жылқыбаева, еңбек ардагері