Жасанды интеллект – болашаққа қадам
Мемлекет басшысы биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған Жарлыққа қол қойды. Бұл бағыттағы барлық шараларды жүзеге асыруға айрықша көңіл бөлінеді деді. Осыған орай Сарысу орта мектебінде «Жасанды интеллект – болашаққа қадам» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты жасанды интеллект – қазіргі заманның маңызды технологиясы. Оны дұрыс әрі тиімді қолдану болашақ үшін өте маңызды.
Іс-шара барысында жоғары сынып оқушыларына технологияның ең маңызды бағыттарының бірі – жасанды интеллект туралы түсіндіріліп, жасанды интеллекттің маңыздылығы туралды талқыланды. Сонымен қатар, сергіту сәті өткізіліп, қысқаша әрі қызықты ойын ұйымдастырылды.
Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»