Басты мақсат-құқықбұзушылықтың алдын алу
Жуырда «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Тоғызкент ауылдық округінде “ Заң мен тәртіп” қағидаты аясында учаскелік полиция қызметкері Б.Амангельдиев және Н.Бақытжанұлының қатысуымен түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – кәмелет жасына толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүріп-тұруының алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Түнгі рейд барысында қоғамдық орындар, көше бойлары, дүкендер мен адам көп жиналатын аймақтар тексерілді.
Түнгі рейд нәтижесінде құқық бұзушылық фактілері тіркелмеді.
Сондай-ақ «Qorgan» жобасы шеңберінде тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоғамдық орындарда рұқсатсыз салынған граффити жазуларды өшіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шара қаланың көркін сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сәулет ЕСҚАРА, «SARYSÝ»