Заңды біл — қылмысқа жол берме
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қогамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру баршамызға маңызды міндет екенін атап өтті.
Мемлекеттің дамуы үшін мызғымас тәртіп пен отаншылдық қажет. Қоғам тұрақтылығы мен бейбіт өмірдің кепілі заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы.
Осы мақсатта ауданымызда қажетті шаралар атқарылуда. Аудан аумағында азаматтар үшін қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Осыған орай «Жастар ресурстық орталығының» директоры М. Пірімбек «Заңды біл — қылмысқа жол берме» акциясы аясында студенттер арасында құқықтық бағытта кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында жастарға Қазақстан Республикасының заңнамалары, құқықтық жауапкершілік түрлері, құқық бұзушылықтың салдары, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу кезінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және қылмысқа жол бермеу бағытында алдын алу жұмыстарын күшейту болып табылады.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»