КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Азаматтық қоғам – кез келген демократиялық мемлекеттің негізі». Үкіметтік емес ұйымдар– халық пен билік арасындағы тиімді диалогты қалыптастыратын маңызды серіктес. Біздің мақсат – ҮЕҰ қызметін одан әрі дамытуға жағдай жасап, өзара сенім мен әріптестікті нығайту. Бірлескен жұмыс арқылы ауданымыздың әлеуметтік мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік бар.
Осы орайда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтың төрағалығымен аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Қуаныш Қияшов «2025 жылы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылған іс-шаралардың мазмұны мен нәтижелері туралы» туралы хабарлама жасады.
Одан кейін «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шарапат Сүйімқұлдың «Жобаның қорытындысы мен нәтижелері туралы» есебі тыңдалды.
Жиында көтерілген барлық мәселелер қаралып, қатысушылар алдағы жоспарлар бойынша өзара пікір алмасты.

С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.