ерекше қуаныш сыйлады
Жаңа жыл мерекесіне орай Жаңатас қалалық кітапханаларының ұйымдастырумен «Жұмбаққа толы Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шырша кеші балалар мен қонақтарға ерекше қуаныш сыйлаған әсерлі іс-шара болды. Мерекелік зал әсем безендіріліп, ортасына орнатылған жарқыраған шырша жаңа жылдың сәнін аша түсті. Түрлі-түсті шамдар мен жаңа жылдық әшекейлер қатысушыларды ертегі әлеміне жетеледі.
Аталған іс-шараға кітапхананың тұрақты кішкентай оқырмандары Оразбек Ислам, Болат Алан, Өмеш Айсулу, Айдарқызы Назира, Амангелді Айша, Амангелді Каусар, Жұмабек Лиза, Жолдыбай Нұрбігүл, Айтбек Арыстан, Совет Аякөз және «Айлин» бишілер тобының мың бұралған бишілері «Санта», «Хорезм» атты билерімен, кітапхананың өнерлі қызы Қойшыбаева Айзере «Биле, биле», «Дарите женщинам цветы» әсем әндерімен ортада өнер көрсетті.
Кештің ең әсерлі сәті – Аяз ата мен Ақшақардың келуі болды. Олар балаларды жаңа жылмен құттықтап, ақ тілектерін арнады. Шырша жанында ән айтылып, би биленіп, барша қатысушылар мерекелік көңіл күйге бөленді. Белсенді қатысқан балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Іс-шара соңында зейнеткер оқырман С. Күзенова кітапхана ұжымына алғыс батасын берді.
Қорыта айтқанда, «Жұмбаққа толы Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шырша кеші балалардың көңіліде ұзақ сақталатын, мазмұнды әрі қызықты іс-шара болды. Бұл мереке балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, достыққа, бірлікке және жаңа жылды қуанышпен қарсы алуға тәрбиеледі.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»