Жоғары деңгейде ұйымдастырылды

0

Балалар шығармашылық орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көптен күткен жаңа жылдық думанға орталық тәрбиеленушілері, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Іс-шара барысында өнерлі қыздар әсем әуен ырғағымен би билеп, жүрекке жылу сыйлайтын әндер шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалардың орындауындағы өнер туындылары мерекенің сәнін арттырып, залды шаттық пен қуанышқа бөледі.
Мерекелік кештің ең әсерлі сәті – Аяз атаның келуі болды. Ол бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнап, сыйлықтарын табыс­тады. Балалар Аяз атамен бірге тақпақ айтып, ойын ойнап, естен кетпес әсер алды.
Бұл шара балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті. Көңілді ойындар, әсем безендірілген сахна мен мерекелік атмосфера барлық қатысушыларға ерекше қуаныш сыйлады.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.