әдеби-сазды кеш

0

Биыл Алаш ардақтысы, ақын, жазушы, ағартушы-педагог Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толды.
Ол 1885 жылы 25 қарашада Қостанай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Екі кластық орыс-қазақ мектебін бітірген Міржақып еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Кейін газетке ауысып, халықтың мұңын жырлап мақалада жазды.
Әдебиеттің бірнеше жанрында қалам тербеген Дулатұлының алғашқы кітабы «Оян, қазақ!» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Азамат», «Терме» жинақтары басылып шықты. Жазушының кеңінен танылған шығармалары – «Бақытсыз Жамал», «Балқия», «Жастарға», «Қирағат» кітабы қалың оқырманның жүрегінен орын алды .
Осыған орай Тоғызкент ауылындағы «Түгіскен» орта мектебінде қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, ұлттық көсемсөз өнерінің өкілі
Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған арысым» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Мақсаты – жастарға Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, туған елге, азаттыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Іс-шара барысында жастар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлерінің жазған хатынан үзінді оқып, көрініс көрсетті. Сонымен қатар отан тақырыбында әндер шырқалды. Іс-шара соңында мектеп қызметкері Гүлмира Баймишева сөз сөйлеп, жастарды мәдени шараларға белсене араласуға шақырды.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.