Ұсыныс-пікірлер айтылды
«Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеу аса маңызды. Қазақ халқы қай заманда да заңға бас иген, дала заңын сақтаған халық. Бұл – біздің қанымызға сіңген қасиет.
Осы орайда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен Досбол ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Аслан Жақыпбеков, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алмаз Мелдеев, Жамбыл облыстық Нотариаттық округінің нотариусы Қалдыкүл Аликулова, мекеме және бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесуде «Заң және тәртіп» қағидаты жауапкершілікті сезіну мәдениетімен тығыз байланысты екендігі айтылып, құқықтық сауаттылықты арттыру туралы мәліметтер берілді.
Сәулет Есқара, «Sarysý»