Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Апта ішінде аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыздағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызыметкерлерімен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» атты республикалық акция аясында кездесу өткізді.
Отбасын қолдау орталығының маманы Қ.Баккулиева, орталықтың психологы Г.Қонырбекова, Сарысу АПБ ЖПҚБӘЗЗҚТ аға инспекторы,полиция майоры А.Шакировалар акцияның маңыздылығына тоқталып, жан-жақты түсіндіріп өтті.
Акцияда мамандар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы тілге тиек етті. Бұл іс-шара — қоғамымызды зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз және бейбіт өмірге бір қадам жақындату жолындағы маңызды қадамның бірі болып табылады.
Іс-шара соңында қатысушылар «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» ұранымен қоғамды бірлікке, бейбітшілікке және отбасылық құндылықтарды қорғауға шақырды. Белсенділік акциясы аясында осындай мазмұнды іс-шаралар ауданымызда жалғаса бермек.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.