Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

0

Аптаның бейсенбісі күні сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 46-шы сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Сессия жұмысына Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, қабылданды.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.