Этнос өкілдерімен кездесті

0

Бір шаңырақ астында бекем бірлікті сақтап жүрген этнос өкілдері елдікті ту етіп, бейбітшіліктің алтын көпірі болуда. Олар қоғамдық шараларға үн қосып, отбасы бірлігін сақтауға үндеу жасап келеді.
«Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық акциясы аясында «Айгөлек» бөбекжай бақшасында кездесу өтті.
Кездесуге қатысқан аудандық полиция бөлімінің өкілдері, аудандық отбасыны қолдау көрсету орталығы қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері отбасы құндылығын сақтау, тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу мәселелері терең қозғап, маңызды ақпараттармен бөлісті.
— Әр отбасы ынтымағын сақтауға қабілетті. Мемелекеттің тұтастығы, оның бірлігі. Отбасының тыныштығы сақталған кезде дамудың дара жолын таба бермек, — дейді этнос өкілдері.
Кездесу барысында қатысушылар өз ара пікір алмасты.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.