Жан-жақты түсіндірілді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру баршамызға маңызды міндет екенін атап өтті.

Мемлекеттің дамуы үшін мызғымас тәртіп пен отаншылдық қажет. Қоғам тұрақтылығы мен бейбіт өмірдің кепілі – заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы.
Осы мақсатта ауданымызда қажетті шаралар атқарылуда. Аудан аумағында азаматтар үшін қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Апта ішінде «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен қалалық әкімшіліктің мәжіліс залында ашық алаң өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Оразбайұлы, Жамбыл облыстық Нотариаттық округінің нотариусы Қалдыкүл Аликулова, мекеме және бөлім басшылары мен қала тұрғындары қатысты.
Жиын барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң тәртібін сақтау және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Тұрғындарға заңды білудің маңыздылығы айтылып, бірқатар мәліметтер берілді.
Шара барысында қатысушылар қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық жауапкершілігі мен тәртіпке бағыну мәдениетін қалыптастыру, жастардың қоғамдағы белсенді рөлі туралы өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ жоба аясында Игілік ауылдық округінде ашық алаң өткізілді.
Шарада қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты екендігі, тәртіп — сол заңдардың бұлжытпай орындалуы және әрбір адамның мінез — құлқының қоғам талабына сай болуы туралы кеңінен ақпараттар берілді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алынып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Аталмыш жиын Жаңаталап ауылдық округінде жалғасын тапты.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Аслан Жақыпбеков, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алмаз Мелдеев, Жамбыл облыстық Нотариаттық округінің нотариусы Қалдыкүл Аликулова, мекеме және бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында заңға бағыну — бұл тек қорқыныштан емес, азаматтық сана мен мәдениеттің көрінісі екендігі айтылды. Сондай — ақ, адам заңды өз еркімен түсініп орындағанда ғана шын мәнінде құқықтық мемлекет құрылатындығын, бүгінгі таңда «Құқықтық мемлекет» ұстанымы билік пен халықтың заң алдында теңдігін білдіретіндігі туралы тақырып қозғалды.
Тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Одан кейін Байқадам ауылдық округінде өткізілді.
Ашық алаңда қазіргі қоғамда заң мен тәртіп — дамудың және әділеттіліктің кепілі екендігі айтылып, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы талқыланды. Кездесуге қатысушылар көкейкесті ойларын ортаға салып, өзекті мәселелерге тоқталды. Осындай жиын Досбол ауылында өз жалғасын тапты.
Мамандардың айтуынша, осындай кездесулер тек алдын алу шарасы ғана емес, қоғам мен азамат арасындағы сенімді нығайтудың тиімді тетігі. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылып тұрады.
Заңды сақтау – әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік заңмен реттелген барлық әлеуметтік қатынастардың ортақ белгісі болады. Бұл ретте заңның сақталуы жауапкершілікті қабылдауды да білдіреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру баршамызға маңызды міндет екенін атап өтті. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген қанатты сөзі бар.
Мемлекеттің дамуы үшін мызғымас тәртіп пен отаншылдық қажет. Қоғам тұрақтылығы мен бейбіт өмірдің кепілі – заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы.
Осы мақсатта ауданымызда қажетті шаралар атқарылуда. Аудан аумағында азаматтар үшін қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қоғамда заң мен тәртіп бірінші орында тұруы керек. Оған бәріміз атсалысуға міндеттіміз.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.