Адал ұрпақ-ортақ міндет
Білім мен тәрбие-егіз ұғым. Баланың бойындағы адалдық, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды сіңіру – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті. Осы орайда Жаңаталап орта мектебінде «Адал ұрпақ – ортақ міндет» тақырыбымен ата-аналар форумы өткізілді.
Ата-аналар форумының мақсаты-балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ отбасындағы берекелі тәрбие мәдениетін дамыту. Ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсету арқылы олардың тәрбиелеу, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту – іс-шараның басты міндеттерінің бірі болды.
Кездесу барысында ата-аналарға мектеп тәртібі, оқушының құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кең көлемде ақпарат берілді. Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, мектеп педагог-психологі, ата-аналар комитетінің төрағасы, ауыл қариялары және ата-аналар қатысты.
Ата-аналар форумын мектеп директоры Ғ.Бозжігітов ашып беріп, өз сөзінде бұл тек басқосу емес бұл- бала тәрбиесіне деген ортақ жауапкершілікті сезініп,ой бөлісетін,бірлесе жұмыс істеуге бағыттайтын маңызды алаң.Сондықтан ұрпағымыздың саналы, білімді, адал да әділ болып өсуі- сіз бен бізге ортақ міндет екенін айтып өтті. Форум қонақтары «Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлық» мектептің қолөнер шеберлерінің көрмесін, «Баланың өмірлік ұстазы-ата-ана» театрландырылған қойылымы, «Біз бақытты баламыз» концерттік бағдарламаларын тамашалады.
Форум барысында көтерілген мәселелердің бәрі – бала болашағы үшін. Бірлесе отырып біз жарқын келешекке сенімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деп сенеміз.
Н.Түсіпбаев,
Жаңаталап орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары