0

Апта ішінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп –гимназиясында мектепаралық «Көңілді тапқырлар алаңы» ойыны өтті.

Аталмыш жарыста аудандық білім бөлімінің басшысы Жұбаныш Жарықбасов сөз сөйлеп, ашып берді.
— Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді дамыту – қазіргі жастардың басты міндеті. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі-жастар болып табылады. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, солардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім-ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогресті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де ел экономикасының қарыштап дамуындағы бірден-бір өзгеріс екені баршамызға айқын,-деп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«КТА» ойынына Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының «Кіші серілер», Абылай хан мектеп-лицейінің «Абылайхан жастары», Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің «Күлмесен, ыржи», Дінмұхаммед Қонаев атындағы орта мектебінің «Қонаев, Алға», Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының «Шоқан жастары», Донда Сенбин атындағы орта мектебінің «Болашақ», Сарысу орта мектебінің «Жас сарбаз», Әйтеке би атындағы орта мектебінің «Жеті жұлдыз», Қызылдихан атындағы орта мектебінің «Қызылдихан», Шоқай датқа атындағы орта мектебінің «Шоқай датқа», Ақтоғай атындағы орта мектебінің «Адал азамат», Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің «Төрт арпа, бір бидай», Балтабай Адамбаев атындағы орта мектебінің оқушыларынан құралған «Кю тайм», Байқадам Қашқынбаев атындағы мектебінің «Тәтті қате», Ыбырайым Сүлейменов атындағы орта мектебінің «Жұлдыз» командалары қатысып, өз бақтарын сынады.
Командалар «Сәлемдесу»,« Биатлон ой» кезеңдері бойынша «КТА – Сарысу ауданы білім бөлімінің кубогін» сарапқа салды.
Қазылар алқасының шешімімен Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының командасы 1-орынды және аудандық білім бөлімінің кубогін жеңіп алды. М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы және Әйтеке би атындағы орта мектебінің командалары 2-орынды өзара бөлісті. Дінмұхаммед Қонаев атындағы орта мектебінің командасы 3-орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар және бағалы сыйлықтарға ие болды. Ойында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі медиа орталығының директоры Жанқожаев Самат және аудандық мәслихат депутаты Балғабай Бауыржан арнайы қаржылай және бағалы сыйлықтарға демеушілік жасады.

Сәулет ЕСҚАРА,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.