Күздің көркі – сенбілік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде экологиялық жағдайды жақсартуға және көгалдандыруға бағыт тал ған ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Әр бір тұрғын өз елді мекенінің тазалығы мен көркеюіне жауапкершілікпен қарауы аса маңызды. Тек бірлескен еңбектің арқа сын да біз нақты әрі тұрақты нәтижеге қол жет кізе аламыз. Мұндай сенбіліктер адам дар ды біріктіріп, экологиялық мәдениетті қа лыптастырады, табиғатқа ұқыпты қа рау ға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді, сон дай-ақ қалалар мен ауылдардың көр кеюі не үлес қосады.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және күзгі екі айлық абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстары аясында аудан аумағында жалпы сенбілік ұйымдастырылды.
Бұл кезеңде қала аумағында көгалдандыру, санитарлық тазарту және абаттандыру бағытындағы сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда.Аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың қоршаған ортаға және қала мүлкіне ұқыпты қарау туралы түсінігін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамда экологиялық мәдениетті нығайту.
Өткен сенбіде мемлекеттік мекемелер ұжымдары өз аумақтарын ғана емес, ауданның қоғамдық кеңістіктерін, саябақтарын да тазалауға қатысты.
Оның ішінде Жаңатас қаласында барлығы 417 адам, 45 мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар қатысты. Шығарылған күл-қоқыс 2,40 тн, тазаланған аумақ 6,8 км, тазаланған арық 0,350 шқ.
Жаңатас қаласы бойынша сенбілікке 10 мекеме, кәсіпорын ұжымы қатыспаған. Атап айтар болсақ аудандық мәдениет және тілдерді басқару бөлімі, Жаңатас қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС, «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС, ТКӨК «Қаратау» ЖШС филиалы, » ГПК Казфосфат» ЖШС, ЖТК, Темір жол станциясы қызметкерлері төбе көрсетпеді.
Елді мекендер бойынша 6 ауылдық округтен 520 адам , 54 мекеме қызметкерлері қатысты.
Шығарылған күл-қоқыс 52 тн, тазаланған аумақ 73,4 км, тазаланған арық 50,1 шқ.
Жаңаталап ауылдық округіндегі «Жаңаталап-Саудакент» тас жолы бойында орналасқан «Жасыл белдеуге 1000 түп тал көшеттері егілді. Ал Байқадам ауылдық округіне қарасты » Саудакент-Жаңатас» тас жолы бойына 150 түп тал егілді.
Иә, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалық жанашырлары аз уақыттың ішінде айналаны тап-тұйнақтай етіп, ауыл келбетінің келісті болуы, тынысының кеңеюі үшін тер төкті.
Жалпы туған өлкеміздің тазалығы үшін өткізілетін жалпыхалықтық сенбілік тек ат төбеліндей мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысымен шектеліп қалмай, аты айтып тұрғандай халықтық сипат алып, көпшіліктің бір кісідей атсалысқаны абзал. Сондықтан әрбіріміз тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуымыз қажет.
Қала және ауыл тазалығы отбасынан басталады. Десек те әлі күнге дейін бізде тазалық мәдениеті қалыптаспай отыр. Шынын айту керек, қоқысты кез келген жерге тастай беретін адамдар арамызда жетерлік. Тазалық басқаға емес, бірінші кезекте өзіміз үшін керек. Көктемде және күзде сенбілік ұйымдастырылғанда кейбір тұрғындар адамдары көше тазалығына араласпақ түгілі аула-жайларын жинамай, үй тазалығынан аспай жатады. Әрине, тазалық жоқ жерде берекенің болмайтыны да анық. Қанша жерден сенбілік өткізіп, қоршаған ортаны, айналаны ретке келтіріп жатсақ та, кейбір елге жаны ашымайтын, санасы таяз жандардың кесірінен кез келген жерде күл-қоқыстар қайтадан пайда болып, тазаланған жерлер қайтадан ластанып жататындығы өкінішті.
Тазалық-дінде де ең бірінші талап етілетін шарттардың бірі. Құран сүрелерінде «Киіміңді таза ұста, жаман нәрселерді таста» деп нақты айтылған. Яғни, тек киімді ғана емес, күнделікті аяқ басып жүрген жерімізді, тыныс алып жүрген ауамызды таза ұстайық. Қазіргі таңда барлығы дамып, адамдардың да сана-сезімі, ойлау қабілеті, өмірге деген көзқарасы өзгерген. Көпшілік мәдениетті болуға, білуге ұмтылып келеді. Мәдениеттіліктің-бастауы-тазалықта. Аула таза болса, ауа да таза болатынын естен шығармағанымыз жөн.
Сәулет ЕСҚАРА,
«Sarysý»