Кітап оқитын ел-ақылды ұлтқа айналады

0

Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына-ол кітап. Алайда кейінгі онжылдықтарда кітаптың орнын ғаламтор алмастыра бастағаны жасырын емес. Бұрнағы кезі кітапханада жүретін жастарды бүгінде компьютердің алдында телміріп отырғанын көресің.

Сондай-ақ ұялы телефонға үңіліп, әдеби шығармадан гөрі желідегі жазбаға жаны жақын ұрпақтың дәуірі келді. Бұл әрине заман ағымына қарай қалыптасып жатқан құбылыс екені түсінікті. Бірақ кітап атты құнды қазынаға қалың көпшілікті қалай қайта оралтамыз? Міне, осы мақсатты көздеген Жамбыл облысының әкімдігі 2025 жылды «Кітап оқу жылы» деп жариялады.
«Әулиеата-кітап оқитын өңір» деп айдарланған жобаға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев алғаш болып өзі үн қосты. Аймақ басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жаңажылдық демалыс кезінде қандай кітаптар оқығанын жазып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
«Кітап-рухани азық, жанымыздың шуағы, болашағымыздың бағдары. Биылғы 2025 жылды Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» деп белгілеу-осы құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған қадам.
Осы мақсатта Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде «Әулиата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Совет Әлімқұлов шығармаларына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: жас буынды кітап оқуға баулу, көркем сөзді қадірлеу, Совет Әлімқұлов шығармаларын насихаттау.
Байқауға 2-5 сыныптың үздік оқушылары қатысып, жазушының балаларға арналған көркем туындыларынан үзінділерді шеберлікпен орындап шықты. Бауқауға қатысқан оқушылар жүлделі орындар мен мақтау қағаздарымен марапаталды.

 

Майра Ажакаева,
кітапхана меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.