АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ — БЕЙБІТ ӨМІР КЕПІЛІ
Биыл Төтенше жағдайлар қызметіне — 30 жыл. Ел басына күн туғанда етігімен саз кешкен сала мамандарының жұмыстары қашан да қауіпті әрі қауыртқа толы. Күн демей, түн демей өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бағытында үздіксіз қызмет етуде. Төтенше жағдайлар қызметінің қоғамымыз үшін маңыздылығының бір көрінісі олар жылдың төрт мезгілінде де қарап отырмайды. Жыл он екі ай төтенше жағдаймен және оның алдын алумен, салдарымен күресумен айналысады. Сондықтан олардың қызметі әрдайым жоғары бағаланбақ.
Төтенше жағдайлар қызметіне 30 жыл толуына орай, оқушылар арасында қауіпсіздік білімін арттыру мақсатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Саудакент ауылдық № 11 өрт сөндіру бекетінде жоғары сынып оқушылары арасында «Азаматтық қорғау — бейбіт өмір кепілі» атты аудандық сайыс өтті. Сайысқа 8 команда қатысып, қауіпсіздік ережелері туралы біліктіліктерін шыңдады. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша 1- орынды Ы.Сүлейменов орта мектебінің «Жас қыран» командасы, 2- орынды Б.Адамбаев тірек мектебінің «Жас сарбаз» командасы және 3 — орынды Шоқай датқа орта мектебінің «Шоқай датқа» командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.