Жалт еткен жасын ғұмыр
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Жалт еткен жасын ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кештің мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін насихаттау.
Іс-шара барысында аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқ болған, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істері туралы айтылды.
Марфуға Айтқожинаның «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі», Сағи Жиенбаевтың «Әлия», Бәкір Тәжібаевтың «Әлия» сынды өлеңдерін Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің оқушылары Жайлаубай Інжу, Ералы Айару, Орынбасар Айзере оқыды.
Ел басына күн туған шақта майданға аттанып, қасық қаны қалғанша жауға қарсы соғысқан қазақ қызы, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың есімі мен ерлігі ұмытылмайды.
Г. СӘРСЕКЕЕВА,
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің әдіскері