Лизингке трактор алды
Ауданымызда ауыл шаруашылығы дамып, шаруалар мемлекет тарапынан қолдаулар көріп, шаруа қожалық техникаларын жаңартуда. Лизингке трактор алған шаруа қожалық төрағалары қазіргі таңда шаруалары оңтайланып, жұмыстары алға басуда. Игілік ауылдық округіне қарасты жеке кәсіпкер Аманов Аслан «Ауыл аманаты» жобасының lV бағыты бойынша 2.5% лизингке DongFengDF904 тракторын 14.5 млн. теңгеге сатып алды.
Шаруа қожалық төрағасының айтуынша егін және мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында осы техниканы алған. Алдағы уақытта шаруашылықты дамыту мақсатында тағы да жаңа техника алу жоспарында бар екен. Айта кетейік ауданымызда егіннен бөлек, мал шаруашылығын өркендеткен жұрт арасынан қой мен ірі қара өсіріп, озат атанғандары бар.
Ауыл мен қаланың көркеюі, жасыл желекке орануы-жарқын болашақтың кепілі. Ауылға көңіл бөлу — әрбір елді мекендегі тұрғындардың абыройлы міндеті. Сондықтан алтын бесік-ауылды көркейту баршамыздың басты парызымыз болмақ.
Сәулет Рысбекұлы,
«Sarysý»