Біртұтас тәрбие

0

Бала болашағы-бір отбасының ғана емес, қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен өткенін жалғастыратын алтын көпір, асыл мұрасы.

Тәрбие-ұрпақты биік мұратқа жете­лейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұр­пағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сон­дықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үл­кенге ізет, кішіге құрмет сияқты қа­сиеттерге ие азаматты тәрбиелеу маңыз­ды.
Қызылдиқан орта мектебінде «Бі­лім­ді ұрпақ-жарқын болашақ кепілі» тақы­ры­бында мектепшілік ата-аналар форумы өтті.
Форумға Жайылма ауылдық округ әкімі Ж. Смағұлов, аудандық мәслихат депутаты Қ.Дүзкенов, жергілікті учас­келік полиция инспекторлары Р. Мұсаев, Н. Сембиев, Қызылдиқан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жылқыбаев, ауылдық ата-аналар кеңесінің төрағасы Ж.Смағұлов, «Жастар ресурстық орта­лығының» мамандары, ата-аналар, мектеп мұғалімдері қатысты.
Аталмыш форумның мақсаты-оқу­шы­лардың сапалы білім алуы мен тәр­биесінде ата-ана, мектеп, ұстаз арасын­дағы ынтымақтастықты нығайту.
Білімді ұрпақ тәрбиелеуде ата-ана­ның ролін арттыру. Баланың болашағына жауапкершілікпен қарауды үндеу. Бала қауіпсіздігіне көңіл бөлу.
Міндеттері: құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушының тұлғалық да­муына, қауіпсіздігіне жағдай жасау жолдарын бірлесе талқылау, ата-анамен педагог арасындағы серіктестікті дамыту.
Ата-аналар форумында ауылдық ок­руг әкімі Ж. Смағұлов сөз сөйледі.
-Тәрбие ұрпақты мұратқа жетелей­тін сапалы білімнің бірі. Ұлттық құнды­лық­тармен сусындап өскен ұрпақ ұла­ғатты болмақ. Президент тапсырмасы­мен дайындалған Біртұтас тәрбие бағдар­ламасы еңбекқор, адал,саналы жасампаз азаматты тәрбиелеуде маңызды. Оған біздер, ата-аналар үлкен үлес қосу керекпіз. Дәл осылайша өскелең ұрпақ ұлт сапасын құрайтын болады,-деді.
Одан кейін Қызылдиқан орта мекте­бінің директоры А. Әбілдаев сөз сөйледі.
— Өскелең жас ұрпақты рухани-адам­гер­шілік қасиетке баулу, тәрбиелеу-бар­лық кезеңде өзекті. Біздің келе­шегіміз-жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білімберу мазмұны арқылы жүзеге асады,-деп ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтініне тоқталды.
Сондай-ақ жергілікті учаскелік поли­ция инспекторлары Р.Мұсаев «Құқық­бұзу­шылықтың алдын алу» тақырыбында хабарлама жасады.
Форумның форматы да өзгеше болды. Өнерлі оқушылар өз өнерлерін көр­се­тсе, ата-аналар сурет салып, психолог­тар тренингтер өткізді. Форумда көрме ұйымдастырылып, ата-аналар бір-бірі­мен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды.
Кездесу кезінде ата-аналар жиналыс шартымен және мақсатымен танысып, «Баланың бас ұстазы-ата-анасы», «Отбасы портретін бейнелеу», «Отбасы-бақыт мекені» т.б тапсырмалар мен ойындарына қатысып, белсенділік көрсетті.
Жалпы, форум қоғамдағы ата-ана беделін нығайта отырып, отбасы берік­тігі үшін жасалатын нақты қадам­дар­ды айқындап берді. Сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен өмір жолында қалып­тас­тыра білу туралы негізгі өзекті мәселе­лерге қатысты сындарлы диалог болды. Оларды оңтайлы шешу және осы бағытта бірлесіп әрекет ету жолдары анықталды.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.